"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 25.07.2022 № 236 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі бекітілсін.
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 25.07.2022 № 236 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Таран ауданының әкімі | Қ. Испергенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қостанай облысы әкімдігінің
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасы" мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
__________________ Б. Сейдахметов
2018 жылғы 11 шілде
Әкімдіктің 2018 жылғы "11" шілдедегі № 204 қаулысына қосымша |
Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі
№ | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Ұзындығы (километр) |
1 | КР-TR-1 | "Тобыл-Новоильиновка-Козыревка" | 28,0 |
2 | КР-TR-2 | "Новоильиновка-Павловка-Апановка-Евгеновка" | 100,0 |
3 | КР-TR-3 | "Тобыл-Новоильиновка-Богородское" | 2,0 |
4 | КР-TR-4 | "Тобыл-Новоильиновка-Мирное" | 4,0 |
5 | КР-TR-5 | "Тобыл-Новоильиновка-Притобольское" | 2,0 |
6 | КР-TR-6 | "Береговое-Нагорное" | 18,0 |
7 | КР-TR-7 | "Юбилейное-Береговое" | 9,0 |
8 | КР-TR-8 | "Красносельское-Журавлевка" | 7,0 |
9 | КР-TR-9 | "Красносельское-Щербиновка" | 20,0 |
10 | КР-TR-10 | "Тобыл-Приозерное" | 24,0 |
11 | КР-TR-11 | "Тобыл-Новоильиновка-Увальное" | 9,0 |
12 | КР-TR-12 | "Варваринка-Баталы" | 25,0 |
13 | КР-TR-13 | "Таран-Майлин" | 2,0 |
14 | КР-TR-14 | "Таран-Қызылжар" | 2,0 |
15 | КР-TR-15 | "Тобыл-Таран" | 14,0 |
16 | КР-TR-16 | "Қайындыкөл-Смайыл" | 20,0 |
17 | КР-TR-17 | "Елизаветинка-Юбилейное" ("Причал" туристік базасына кірме жол) | 1,52 |
18 | КР-TR-18 | "Елизаветинка-Нагорное" ("Горняк" пансионатына кірме жол) | 14,7 |
Барлығы: 302,2 |