"Бейімбет Майлин ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 15 қазандағы № 55 мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 139 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қыркүйекте № 29791 болып тіркелді

      Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Бейімбет Майлин ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 15 қазандағы № 55, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24919 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының хатшысы С. Сапабеков

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 23 қыркүйектегі
  № 139 шешіміне
  қосымша

Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде жүргізеді.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда мүгедек балаға (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқу кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте, қандастармен жеке басын сәйкестендіру үшін, жеке басын куәландыратын құжат орнына қандас куәлігін ұсынады.

      7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері әрбір мүгедектігі бар балаға оқу жылына ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады