Ұзынкөл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 158 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 шілдеде № 28720 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұзынкөл ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл аудандық мәслихатының хатшысы А. Бараншина

  Мәслихатының
  2022 жылғы 29 маусымдағы
  № 158 шешіміне
  қосымша

Ұзынкөл ауданы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 08.11.2022 № 188 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (Қосылған құн салығысыз)

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

158

Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф

1 м3

2876


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады