"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Ұзынкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 40 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ірі қарамалдардың сарып ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Сатай ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 5 тамыздағы № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23976 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Сатай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сатай ауылының әкімі | Ю. Новотеева |