2022-2023 жылдарға арналған Павлодар облысында спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 65/1 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 наурызда № 27140 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022-2023 жылдарға арналған Павлодар облысында спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.О. Өтешовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

  Павлодар облысы
әкімдігінің 2022 жылғы
9 наурыздағы № 65/1
қаулысына қосымша

2022 - 2023 жылдарға арналған Павлодар облысында спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі

Топтар атауы

Олимпиадалық емес спорт түрінің атауы

Жазғы олимпиадалық спорт түрінің атауы

Қысқы олимпиадалық спорт түрінің атауы

Паралимпиадалық спорт түрінің атауы

Ұлттық спорт түрінің атауы

"А" тобы

Кекушинкай каратэ

Баскетбол

Биатлон

Дзюдо

Аударыспақ

Муайтай

Батуттық гимнастика

Шаңғы жарысы

Жеңіл атлетика

Қазақ күресі

Пауэрлифтинг

Бокс

Шайбалы хоккей

Шаңғы жарысы

Тоғызқұмалақ

Спорттық акробатика

Классикалық
волейбол


Арбадағы би



Еркін күрес





Әйелдер күресі





Жеңіл атлетика





Жүзу





Нысана көздеу





Көркем гимнастика




"В" тобы

Ашихара -каратэ

Велосипед спорты

Конькимен жүгіру спорты


Асық ату

Бодибилдинг

Гандбол



Бәйге

Белбеу күресі

Грек-рим күресі



Жамбы ату

Гір спорты

Дзюдо



Көкпар

Грепплинг (UWW)

Үстел теннисі




Джиу-джитсу

Садақ ату




Кикбоксинг

Спорттық гимнастика




Сурдо жүзу

Таеквондо WTF




Самбо

Футбол




Спорттық бағдарлау






Таеквон-до ITF





Таеквон-до GTF





Сурдо тоғызқұмалақ





Туристік көпсайыс





Дойбы





Шахмат





Сурдо шайбалы хоккей





"С" тобы

Автоспорт

Академиялық есу

Шорт-трек


Құсбегілік

Қол күресі

Су добы

Конькимен мәнерлеп сырғанау



Сурдо қол күресі

Регби

Фристайл акробатика



Бильярд

Стенд ату




Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА)

Теннис




Nomad MMA

Триатлон




Панкратион

Ауыр атлетика




Пенчак силат





Өрт сөндіру және өрттен құтқару спорты





Жағажай футбол





Президенттік көпсайыс





Қоян-қолтық ұрыс





Спорттық балық аулау





Спорттық би






Сурдо таеквондо





Сурдо дойбы





Сурдо шахмат





      Аббревиатуралардың түсіндірмесі:

      ММА – Мixed Martial Arts (Аралас жауынгерлік жекпе-жек түрлері);

      WTF - World Taekwon-do Federation (Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы);

      ITF – International Taekwon-do Federation (Халықаралық таеквондо федерациясы);

      GTF – Global Taekwon-do Federation (Жаһандық таеквондо федерациясы);

      UWW – United World Wrestling (Біріккен күрес әлемі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады