Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі "2022 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" № 193/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28795 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар бекітілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормалары;
2022 жылға арналған пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға 1 794 035 000 (бір миллиард жеті жүз тоқсан төрт миллион отыз бес мың) теңге қаражатының бюджет көлемдері.".
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Байханов |