Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қаласы Жетекші ауылы әкімінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 мамырда № 28178 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы Жетекші ауылы әкімінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы Жетекші ауылы әкімінің 15.07.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2022 жылғы 11 мамырдағы № 1-26/187 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Павлодар облысы Павлодар қаласы Жетекші ауылының аумағында ірі қара мал арасында жұқпалы ринотрахеит пен вирустық диарея ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жетекші ауылының әкімі Н. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады