Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар қаласы Жетекші ауылы әкімінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы Жетекші ауылы әкімінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 шілдеде № 28829 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 27 маусымдағы № 1-26/289 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Павлодар облысы Павлодар қаласы Жетекші ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит, вирустық диарея аурулардың жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Павлодар қаласы Жетекші ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2022 жылғы 23 мамырдағы № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28178 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жетекші ауылының әкімі Н. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады