Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 13.10.2023 № 65/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 523/70 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7004 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.";
4- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.";
6- тармақ жаңа редацияда жазылсын:
"6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мерекелік күндерінің тізбесі:
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
4) 9 мамыр - Жеңіс күні;
5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
6) 25 қазан –Қазақстан Республикасының күні.";
7- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:
бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерге;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;
4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар әскери қызметшiлеріне;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына.
5) еңбек ардагерлері:
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне;
"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
6) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына);
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға;
1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге;
бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне;
7) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға;
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға;
сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға;
8) мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда:
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
мүгедектігі бар - спортшыларға;
кірістерін есепке алмай, жоғары немесе орта арнайы (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедектігі бар адамдарға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігінен көшірмесі бар мүгедектігі бар адамдарға;
9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарға (отбасыларға);
10) медициналық университетінің оқуын аяқтау мерзіміне дейін әлеуметтік көмек алған студенттеріне;
11) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:
пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көп балалы отбасыларға (ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарамастан), өтініш берген мерзімде ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстары бар отбасыларға;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлікке залал келтіруге байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға;
12) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:
онкологиялық аурумен ауыратын тұлғаларға;
адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға;
адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балаларға;
амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға;
"жүйелі қызыл жегі" ауруынан зардап шегетін тұлғаларға;
"инсулинге тәуелді 1 типті қант диабеті" ауруынан зардап шегетін тұлғаларға.";
8- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:
1) мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
Халықаралық әйелдер күніне 7-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;
Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне екінші, үшінші абзацтарының 7-тармағы 5) тармақшасында, үшінші абзацының 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Отан қорғаушы күніне жетінші, сегізінші абзацтарының 7-тармағы 2) тармақшасында, үшінші абзацының 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Жеңіс күніне 7-тармақтың 1), 3), 4) тармақшаларында, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарының 2) тармақшасында, төртінші, бесінші абзацтарының 5) тармақшасында, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінше, сегізінші абзацтарының 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Қазақстан Республикасының Конституция күніне алтыншы, сегізінші абзацтарының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Қазақстан Республикасының күніне бірінші, екінші абзацтарының 7-тармағы 7) тармақшасында, екінші, үшінші, төртінші абзацтарының 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК), 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде сауықтыруға арналған 50 (елу) АЕК мөлшерінде, 7-тармақтың 2) тармақшасында, бесінші абзацының 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге жеке көмекшінің еріп жүруіне ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде, екінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге жеке көмекшінің еріп жүруіне 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде, үшінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;
уәкілетті органның тізімі негізінде республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалу үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде, жетінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
уәкілетті органның тізімі негізінде 4 (төрт) АЕК мөлшерінде, үшінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін (18 жастан және одан жоғары);
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) (алты айға дейін жарамды) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 100 (жүз) АЕК мөлшерінде, үшінші абзацының 7-тармағы 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, төртінші абзацының 7-тармағы 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
"Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі негізінде екінші абзацының 7-тармағы 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде үшінші абзацының 7-тармағы 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;
дәрігерлік-консультациялық комиссияның ауруды растайтын қорытындысын, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, алтыншы абзацының 7-тармағы 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
дәрігерлік-консультациялық комиссияның ауруды растайтын қорытындысын, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, жетінші абзацының 7-тармағы 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
уәкілетті органның тізімі негізінде 2,5 АЕК мөлшерінде, екінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде, 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін (сауықтыруға);
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, 7-тармақтың 2) тармақшасында, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарының 3) тармақшасында, үшінші абзацының 4) тармақшасында, екінші абзацының 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін (коммуналдык қызметтерге);
4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарының 7-тармағы 8) тармақшасында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары мүгедектігі бар адамдар (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін;
7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде, төртінші абзацының 7-тармағы 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
"Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансер" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде бесінші абзацының 7-тармағы 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде.";
9- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді:
қала әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісім-шартта көрсетілген сома Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін төленеді;
тұрғын үйге меншік құқығын растайтын (пайдалануға) құжаттың көшірмесі немесе жалға алу келісім-шарт негізінде, пештік жылытуды растайтын құжат, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде қатты отын сатып алуға (екінші жартыжылдықта көрсетіледі), 2 абзацының 7-тармағы 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы | С. Калижанова |