Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 787 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсандықоса алғанда туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 0 (нөл) пайызы болып бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Куспеков |