Баянауыл ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 тамыздағы № 135/17 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 қыркүйекте № 29357 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Ескерту. 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері-болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Баянауыл аудандық мәслихатының хатшысы Т. Қасен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады