Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 787 қаулысына сәйкес Железин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
2. "Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Железин аудандық мәслихатына осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.".
3. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Железин аудандық мәслихатының хатшысы | П. Лампартер |