Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Железин ауданының мәслихаты ШЕШТІМ:
1. Павлодар обласы Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы "Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 313/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6211 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Железин аудандық мәслихатының хатшысы | П. Лампартер |