Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ертіс аудандық мәслихатының "Ертіс ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 215-51-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6699 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Мамандарға әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет 3,3 (үш бүтін оннан үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ертіс аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Шингисов |