Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 6 - бабы 1 - тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13 - бабына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облысы Ертіс ауылының келесі санаттағы азаматтарына қоғамдық жолаушылар көлігіне (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:
- орта білім беру ұйымдарында оқитын балаларға.
2. Қаржыландыру көзі болып Ертіс ауданының бюджеті белгіленсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау "Ертіс ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ертіс ауданының әкімі | Б. Шарипов |
Ертіс аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Шингисов |