Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тереңкөл аудандық мәслихатының "Павлодар облысының Тереңкөл ауданы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2019 жылғы 15 тамыздағы № 3/48 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6511 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысы | С. Баяндинов |