Аққулы аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 18 наурыздағы "Аққулы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" № 253/52 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 97/20 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29776 болып тіркелді

      Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы "Аққулы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" № 253/52 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6781 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 6 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет, тиісті жылдың жылыту маусымы кезеңінде бюджет қаражаты есебінен 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы аудандық мәслихатының хатшысы К. Есимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады