Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 4 "Май ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы әкімінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 желтоқсанда № 31264 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 4 "Май ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6128 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы № 365, 375 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес өзгертілсін;

      көрсетілген шешімнің қосымшасы жаңадан ашылған № 592, 593 сайлау учаскелерімен осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес толықтырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Май ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Май ауданының әкімі А. Амирин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Май аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Май ауданы әкімінің
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 6 шешіміне 1 – қосымша
Май ауданы әкімінің
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 4 шешіміне қосымша

№ 365 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мәдениет ойын-сауық орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек ауылдық округі Көктөбе ауылының: Нұрлыбек Баймұратов 11/1, 14, 15/1, 16, 17/1, 19, 19/2, 20, 21, 22, 23, 25, 27, 29, 33, Шоқан Уәлиханов 7, 8, 10, 12, 14, 17, 19, 20, 21, 22, Жамсап Байғұрманов (толық), Мұхтар Әуезов 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 17, 19, 20, 21, 22, 22/1, Қаныш Сәтпаев 22, 23, 24, 25, 26, 27, 29, 30, 32, 33, 34, 34/1, 35, 36, 37, 39, 41, 42, 43, 45, 47, 49, 51, 52, 53, 54, 56, 56а, 57, 58, Әлия Молдағұлова (толық), Әліби Жанкелдин (толық), Аманкелді Иманов (толық), Евней Букетов (толық), Панфилов (толық), Уақап Сыздықов (толық) көшелері.

№ 375 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Аудандық оқушылар үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек ауылдық округі Көктөбе ауылының: Жеңістің 40 жылдығы (толық), Байғабыл Жылқыбаев (толық), Баки Басар (толық), Бастем Хазірет (толық), Мәншүк Мәметова (толық), Абылайхан 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, Әйтеке би 1, 5, 7, 8, 9, 10, 11, 13/1, Абай 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, Төле би 1, 2, 4, 6, 7, 8, 9, 10 ,11, 12, 13, 14, 15, 17, 18, 20, 21, 22, 24, 24а, Бейбітшілік 1, 1а, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, Ғани Мұратбаев 3, 4, 8, 8/1, 10, 11, 12, 13, 13/1, 13/2, 14, 15/1, 15/2 көшелері.

 
  Май ауданы әкімінің
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 6 шешіміне 2 - қосымша
  Май ауданы әкімінің
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 4 шешіміне қосымша

№ 592 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Көктөбе жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек ауылдық округі Көктөбе ауылының: Ахмет Байтұрсынов (толық), Олжас Сүлейменов (толық), Сұлтанмахмұт Торайғыров 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 29, 31, 33, 35, 37а, 39, 41, 43, 44, 45, 47, 49, 51, 53, 55, Абылайхан 37, 37/1, 41, 45, 46, 47, 48, 50, 53, 55, 57, 59, 61, 63, 65, Әйтеке би 17, 18, 20, 21, 22, 23, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 37, 45, Абай 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 45, 47, 49, Төле би 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 45/1, 45а, 46, 47, 47а, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 58, Бейбітшілік 15, 16, 17, 18/1, 19, 20, 21, 22, 22а, 23, 24, 25, 25/1, 26, 27, 41 көшелері; Көктүбек ауылдық округінің Белогорский ХПП ауылының аумағы.

№ 593 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Ерсін Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек ауылдық округі Көктөбе ауылының: Нұрлыбек Баймұратов 3, 9, 11, 13, 15, 17, 19/1, Шоқан Уәлиханов 2, 2/1, 3, 4, 4/1, 6, Мұхтар Әуезов 1, 2, 3, 4, 5, Қаныш Сәтпаев 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 12/1, 13, 14, 15, 15а, 16, 17, 19, Сұлтанмахмұт Торайғыров 3, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12, 13, 16, 17, Абылайхан 9, 11, 13, 15, 19, 21, 22, 23, 25, 26, 27, 27/2, 28, 29, 30, Ғани Мұратбаев 2, 5/1, 7, Асқар Әбдірайымов (толық), Желтоқсан (толық), Қанаш Қамзин (толық), Ерсін Мұқашев (толық), Сәкен Сейфуллин (толық), Көктөбе станциясы (толық), Ветстанция (толық), Қазыбек би (толық) көшелері; Көктүбек ауылдық округінің Көктөбе ауылының Бестау учаскесі; Көктүбек ауылдық округінің Көктөбе ауылының Жалғыз Ағаш учаскесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады