Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 71/315 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы № 31/169 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 желтоқсанда № 30971 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 қарашадағы № 9/103 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 21.11.2023 № 9/103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 15 мамырдағы № 71/315 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6847 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар аудыны мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редақцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы В. Гейнц

  Павлодар аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
25 қарашадағы № 31/169
шешіміне қосымша
  Павлодар аудандық
маслихатының 2022 жылғы
15 мамырдағы № 71/315
шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы Павлодар облысы бойынша (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Павлодар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган - "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Павлодар ауданының ауылдық округтер мен ауыл әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мерекелік күндердің тізбесі:

      1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

      2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

      3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

      4) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;

      6) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

      5) еңбек ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      6) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;

      7) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар;

      8) мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар адамдар балалар;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар адамдар;

      екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар адамдар;

      үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар адамдар;

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      арнайы орта (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедектігі бар адамдың абилитациясы және оны оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесі бар, Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде білім алатын мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;

      жоғары білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедектігі бар адамның абилитациясы мен оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесі бар, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде білім алатын мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;

      церебралды сал ауруымен ауыратын мүгедек балалары бар отбасылар;

      9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар (отбасылар);

      10) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан жоғары оқу орындарында, сонымен қатар колледждерде оқитын студенттер;

      11) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан азаматтар;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне залал келтіруге байланысты өмірлік қиын жағдайға ұшыраған азаматтар. Әлеуметтік көмекке өтініш жасау мерзімі – өмірлік қиын жағдай туындалған кезден бастап бір ай ішінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар;

      отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын болған кезде, бір айдан астам уақытқа созылған ауруына, операциялық араласуды талап ететін ауруына байланысты, шұғыл немесе жоспарлы хирургиялық операцияға шалдыққан, өмірлік қиын жағдайға ұшыраған азаматтар;

      12) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      қатерлі ісіктер ауруларына шалдыққан адамдар;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусынан туындалған ауыруынан зардап шегетін он алтыншы жасқа дейінгі балалар (АИВ);

      адамның иммунитет тапшылығы вирусынан туындалған ауыруынан зардап шегетін он алтыншы жастан асқан тұлғалар (АИВ);

      амбулаториялық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғалар;

      дәнекер тіннің жүйелі зақымдануынан зардап шегетін тұлғалар, атап айтқанда "жүйелі қызыл жегі" ауруы;

      13) сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар;

      14) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтар (отбасылар), атап айтқанда:

      12 аптаға дейін жүктілігі бойынша есепке қою үшін аудандық емханаға уақытында жүгінген жүкті әйелдер.

      7. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:

      1) мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:

      Халықаралық әйелдер күніне 6-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне 6-тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Отан қорғаушы күніне 6-тармақтың 2) тармақшасының жетінші, сегізінші абзацтарында, 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Жеңіс күніне 6-тармақтың 1), 3), 4) тармақшаларында, 2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарында, 5) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 6) тармақшасының екінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Қазақстан Республикасының Конституция күніне 6-тармақтың 8) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 6-тармақтың 7) тармақшасында, 8) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК), 6-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып және санаторлық-курорттық емделуді алғанын растайтын құжат негізінде санаторлық-курорттық емдеуге 50 (елу) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшасының үшінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты, тұру шығыстарын растайтын түбіртектерді, межелі пунктке дейінгі және тұрғылықты жеріне кері қарай жол жүру билеттерін қоса бере отырып, өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге заңды өкілдіңеріп жүруіне 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде қатты отынды сатып алуға 6-тармақтың 11) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 100 (жүз) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 11) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты және "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан немесе Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауданының емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынан аталған ауруды растайтын анықтаманы қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 12) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде және Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан аталған ауруды растайтын анықтама негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 12) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты және Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауданының емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан аталған ауруды растайтын анықтаманы қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 12) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты және Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауданының емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан аталған ауруды растайтын анықтаманы қоса бере отырып, өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 8) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген санат үшін;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін (сауықтыруға);

      уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 2, 4) тармақшаларында, 3) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында, 6) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін (сауықтыруға);

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 8) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектігі бар адамдарға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін;

      оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты және Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан аталған ауруды растайтын анықтаманы қоса бере отырып өтініш негізінде тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде 6-тармақтың 12) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауданының емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 12) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасында құжатты және медициналық мекеменің емдеу курсын алғаны туралы растау анықтамасын қоса бере отырып өтініш негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде гемодиализ алу мерзімінде жол жүруге 6-тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін.

      8. Уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш және оқу жылына нақты оқу бағасы мөлшерінде білім беру қызметіне аудан әкімі, жоғары немесе орташа-арнайы оқу мекемесі басшысы және өтініш беруші қол қойған үш жақты келісім негізінде 6-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      біржолғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауданының емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан аталған ауруды растайтын анықтаманы қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауданының емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан аталған ауруды растайтын анықтаманы қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 6-тармақтың 11) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін.

      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Павлодар ауданы бойынша шекті әлеуметтік көмек мөлшері қиын өмірлік жағдайдағы тұлғаларға 100 (жүз) АЕК, Ұлы Отан соғыстың (бұдан әрі - ҰОС) мүгедектігі бар адамдарға және қатысушыларына және ҰОС ардагерлеріне жеңілдік бойынша теңелген тұлғаларға 500 (бес жүз) АЕК құрайды.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстық ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларының 12 - 25 -тармақтарына сәйкес айкыңдалды.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      12. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Павлодар ауданы шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      13. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да тәртiппен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      14. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады