Успен ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 қарашадағы № 133/23 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 қарашада № 30716 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 787 қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелерін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Бараисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады