Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 336/67 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Успен ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 135/24 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 желтоқсанда № 31270 болып тіркелді

      Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 336/67 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Успен ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 7119 болып тiркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Успен ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Успен ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Бараисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады