Ескерту. 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері-бөлу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы | Н. Кизатов |