Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 134/39 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Шарбақты ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6000 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы | Н. Кизатов |