Алматы қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № 1/39 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 ақпанда № 26829 болып тіркелді

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 4-4-бабының 4-1)-тармақшасына, "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

  Алматы қаласы
әкімдігінің
2022 жылғы 16 ақпандағы
№ 1/39
қаулысымен бекітілген

Алматы қаласы аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің
құнын айқындаудың әдістемесі

      1. Алматы қаласы аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Алматы қаласы аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;

      Bn – газетте орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

      V – газетте орналастырылатын шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, мұнда:

      Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрстетілетін қызмет құны;

      Bm – журналда орналастырылатын бір шаршы сантиметрмен көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;

      V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;

      V – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден астам болса – 1,4.

      5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Btv – телевизияда көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

      V – телевизияда көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.

      Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде көрсетілетін қызметте телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

      6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;

      V – радиоарнада көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

  Алматы қаласының
аумағындағы
бұқаралық ақпарат
ұралдарында
мемлекеттік ақпараттық
саясатты
жүргізу үшін сатып алынатын
көрсетілетін қызметтердің
құнын айқындау
Әдістемесіне қосымша

Алматы қаласы аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында
мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын
қызметтердің базалық бағалары

Қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

2022 жыл (теңге)

2023 жыл (теңге)

2024 және кейінгі жылдар (теңге)

1

2

3

4

5

6

1

Алматы қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) қызмет (Bn)

шаршы сантиметр

400

428

458

2

Алматы қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (журнал) көрсетілетін (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) қызмет (Bm)

шаршы сантиметр

280

300

321

3

Интернет-ресурста көрсетілетін (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) қызмет (Bi)

символ

38

41

44

4

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (жаңалық сюжеттерін өндіру және орналастыру) қызмет (Btv)

минут

487 000

521 090

557 566

5

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле -, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (ток-шоуларды өндіру және орналастыру) қызмет (Btv)

минут

46 250

49 487

52 952

6

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле -, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (ойын-сауық шоуларын (музыкалық, әзіл-сықақ бағдарламалары) өндіру және орналастыру)) қызмет (Btv)

минут

85 000

90 950

97 316

7

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле -, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (реалити-шоулар шығару және орналастыру) қызмет (Btv)

минут

72 500

77 575

83 005

8

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (телевизиялық бағдарламалар өндіру және орналастыру) қызмет (Btv)

минут

60 812

65 069

69 624

9

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (деректі фильм шығару) қызмет (Btv)

минут

187 500

200 625

214 669

10

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (бейнеролик өндіру) қызмет (Btv)

секунд

22 000

23 540

25 188

11

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (телехикая өндіру) қызмет (Btv)

серия

8 000 000

8 560 000

9 159 200

12

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (жаңалық сюжеттерді өндіру және орналастыру) қызмет (Btv)

минут

134 200

143 594

153 645

13

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (ток-шоуларды өндіру және орналастыру) қызмет (Btv)

минут

71 300

76 291

81 631

14

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (ойын-сауық шоуларын (музыкалық, әзіл-сықақ бағдарламалары) өндіру және орналастыру)) қызмет (Btv)

минут

84 825

90 763

97 116

15

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (реалити-шоулар өндіру және орналастыру) қызмет (Btv)

минут

80 370

86 000

92 000

16

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (телевизиялық бағдарламалар өндіру және орналастыру) қызмет (Btv)

минут

42 200

45 154

48 315

17

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (деректі фильм өндіру және орналастыру) қызмет (Btv)

минут

109 300

116 951

125 137

18

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (бейнеролик өндіру және орналастыру) қызмет (Btv)

секунд

28 500

30 495

32 630

19

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевизияда көрсетілетін (телехикая өндіру және орналастыру) қызмет (Btv)

серия

5 067 500

5 422 225

5 801 780

20

Радиоарнадағы (ақпараттық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) қызмет (Br)

минут

20 000

21 400

22 900

21

Радиоарнадағы (аудиороликті өндіру және орналастыру) қызмет (Br)

секунд

580

620

663


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады