Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 720 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарына 4-қосымшада:
Ж-3 бөлімінде жер телімінсіз аз қабатты (2-3 қабат) құрылыс аймағы, соңғы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Шығыс айналма жолының (ШААЖ) Әл-Фараби даңғылының, Саин көшесінің, Жандосов көшесінің (Саин көшесінен қала шекарасына дейін) оңтүстігіне қарай орналасқан ғимараттардың параметрлері құрылыстың барлық түрлері үшін ең жоғары биіктігі он екі метрден аспайтын жердің орташа жоспарлау белгісінен парапеттің үстіне (шатыр жотасына) дейін, цокольдық қабатты қосқанда үш қабаттан артық емес етіп белгіленсін, денсаулық сақтау және білім беру объектілерін салуды қоспағанда, бірақ 15 метрден артық емес.";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Сондай-ақ көрсетілген шаршыда ауыл шаруашылығы мақсатындағы нысаналы пайдалануға арналған жер учаскелерін бөлуге және аз қабатты ғимараттар салуға жол берілмейді, сонымен қатар тау бөктерінің жолағында, оның ішінде еңістігі 15 градус және одан жоғары тiк беткейдегi алаңдарда.
Жоғарыда көрсетілген нормалар қолданыстағы параметрлер шегінде жүзеге асырылатын барлық үлгідегі тұрғын үйлерді және кәсіпкерлік қызмет объектілерін қайта жоспарлауға (қайта жабдықтауға, қайта бейіндеуге), реконструкциялауға, жаңғыртуға, күрделі жөндеуге қолданылмайды.";
Ж-5 бөлімінде 6-12 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер аумағы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Абай даңғылының оңтүстігіне қарай, Әл-Фараби даңғылының солтүстігіне қарай, Яссауи көшесінің шығысына қарай, Шығыс айналма жолының (ШААЖ) батысына қарай орналасқан тұрғын үй ғимараттарының рұқсат етілген параметрлері ең жоғары биіктігі отыз бес метрден аспайтын құрылыстың барлық түрлері үшін жердің орташа жоспарлы белгісінен парапеттің үстіне (шатыр жотасына) дейін 6-9 қабаттан аспайтын болып белгіленсін.
Бұл ретте тұрғын үй ғимараттарының параметрлерін жайлылықтың 3-сыныптан төмен емес қолдану қажет.";
1-ЖО жалпықалалық орталық жүйесі (ЖОЖ) аумақтары бөлімінде мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Абай даңғылының оңтүстігіне қарай, Әл-Фараби даңғылының солтүстігіне қарай, Яссауи көшесінің шығысына қарай, Шығыс айналма жолының (ШААЖ) батысына қарай жоспарланатын, параметрлері 9 қабаттан жоғары көпфункционалды ғимараттардың сәулет, қала құрылысы негіздемесі, қоғамдық талқылаулардан өткен және қала құрылысы іс-шараларының кешенін өткізуде мемлекеттік органдардың қызметіне қолдау көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін Алматы қаласы әкімдігінің жанынан құрылған консультативтік-кеңесші органның оң шешімі болған жағдайда жол беріледі.
Көпфункционалды ғимараттың тұрғын бөлігіндегі пәтерлерінің құрамы мен алаңы ғимараттың және (немесе) кешеннің жалпы алаңының 30 % аспауы және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 9-НҚ бұйрығымен бекітілген ҚР ҚН 3.02-09-2019 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 қаңтарда № 19907 болып тіркелді), қолданыстағы нормативтердің талаптарына сәйкес келуі тиіс.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының хатшысы | С. Канкуров |