Ескерту. 01.03.2025 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |
Алматы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 11 ақпандағы |
№ 200 шешіміне қосымша |
Алматы қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 720 болып тіркелген);
2. "Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы" ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 20 қарашадағы XXVІ сессиясының № 284 шешіміне толықтыру енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 417 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1277 болып тіркелген);
3. "ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІ сессиясының "Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы" 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 89 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1370 болып тіркелген);
4. "ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІ сессиясының "Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы" 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 191 шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1449 болып тіркелген);
5. "ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІ сессиясының "Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы" 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 262 шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1498 болып тіркелген);
6. "Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 20 маусымдағы № 144 шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28575 болып тіркелген).