Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Алматы қаласында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы

Жаңа

VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХV сессиясының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 156 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 қыркүйекте № 29510 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Алматы қаласында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.

      2. "Алматы қаласы тұрғындарының қала шегiнен тысқары жерлерде емделуі үшiн бюджет қаражаты есебiнен тегiн және жеңiлдiкпен жол жүрудi ұсыну туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 494 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 919 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының хатшысы С. Канкуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады