"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 261 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1089 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының хатшысы | С. Канкуров |