Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 "Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:
1) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 30 теңге;
2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 40 теңге.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Бубенко |