Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 78 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27738 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2022 жылғы | |
20 қазандағы № 238 қаулысына | |
қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2022 жылғы | |
"15" сәуірдегі № 78 қаулысына | |
қосымша |
2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі
Субсидияланатын тұқымдардың санаты | Бюджет қаражатының көлемі, теңге |
Бірегей тұқымдар | 56 981 260 |
Элиталық тұқымдар | 526 524 937 |
Бірінші репродукция тұқымдары | 265 564 462 |
Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | 755 501 341 |
Барлығы | 1 604 572 000 |