"Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48 және 50-баптарына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 04 шілдедегі № 7 хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің м.а | Ж. Батырбеков |