Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы маслихатының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 22-1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 желтоқсанда № 31006 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда болу құнының 0 (нөл) пайызы болып бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы
мәслихатының хатшысы
Е. Жакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады