Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округінің Ленинград ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 31 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 5 желтоқсанда № 30960 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ленинград ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ленинград ауылдық округінің Ленинград ауылының көшелері қайта аталсын:

      Ленин көшесін Тәуелсіздік көшесіне;

      Комсомол көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;

      Карл Маркс көшесін Сәбит Мұқанов көшесіне;

      Совет көшесін Ақан сері көшесіне;

      Дзержинский көшесін Шоқан Уәлиханов көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылдық
округінің әкімі
А. Маймаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады