Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы № 11-9 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2022 жылғы 24 қарашадағы № 23-3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қарашада № 30810 болып тіркелді

      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 5 қарашадағы № 11-9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25185 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының хатшысы
Е. Адильбеков

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан мәслихаты 2022 жылғы
  24 қарашадағы № 23-3
  шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ғабит Мүсірепов атындағы
  аудан мәслихатының
  2021 жылғы 5 қарашадағы
  № 11-9 шешіміне қосымша

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

       6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандастармен қандас куәлігі ұсынылады.

      7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудан бас тарту негіздері Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады