Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, сәйкес Корнеевка ауылы халқының пікірін ескере отырып және Солтүстік Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның 2021 жылғы 16 сәуірдегі, 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Корнеевка ауылдық округі Корнеевка ауылының құрамдас бөліктерін қайта аталсын:
Ленин көшесін - Абай көшесіне;
Пролетарская көшесін - Пушкин көшесіне;
Фурманов көшесін - Жеңіс көшесіне;
Калинин көшесін - Шоқан Уәлиханов көшесіне;
Комсомольская көшесін - Әлия Молдағұлова көшесіне;
Крупская көшесін - А.М. Ершов көшесіне;
Коммунистическая көшесін - Мағжан Жұмабаев көшесіне;
Советская көшесін - Жәлел Қизатов көшесіне;
Первомайская тұйық көшесін - Достық тұйық көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Корнеевка ауылдық округінің әкімі | Г. ЗимарҰв |