"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, облыстық ономастика комиссияның 2021 жылғы 16 сәуірдегі, 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындысы негізінде, Волошинка және Лузинка ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІ:
1. Волошинка ауылдық округінің Волошинка ауылында қайта аталсын:
Ленин көшесін Достық көшесіне;
Октябрьская көшесін Мектеп көшесіне.
2. Волошинка ауылдық округінің Лузинка ауылында қайта аталсын:
Коммунистическая көшесін Абай көшесіне;
Партизан көшесін Жеңіс көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Волошинка ауылдық округінің әкімі | В. Кочергин |