Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 2-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысымен бекітілген шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда - болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты хатшысының уақытша міндеттерін атқарушы | Р. Садыков |