Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің Мирное ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 24 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 желтоқсанда № 31089 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Мирное ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі Мирное ауылының көшелері қайта аталсын:

      Ленин көшесін Абай Құнанбаев көшесіне;

      Советская көшесін Жамбыл Жабаев көшесіне;

      Киров көшесін Алексей Самсонов көшесіне;

      Социалистическая көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мирный ауылдық округінің әкімі Р. Сыздыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады