"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Петровка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі Петровка ауылының атауы жоқ көшесіне Алексей Самсонов атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мирный ауылдық округінің әкімі | Р. Сыздыков |