Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 01-11/254 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Куйбышев ауылдық округінің Надежка ауылында 4 линия көшесіне белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Куйбышев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 27 қазандағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30342 болып тіркелген) № 24 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Куйбышев ауылдық округінің әкімі |
Л. Викторович |