Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № 137 және Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 24/5 бірлескен қаулысы мен шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 тамызда № 28963 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Мамлютка қаласы халқының пiкiрiн ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының келесі көшелері:

      Ленин көшесін Абылай хан көшесі;

      Дзержинский көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесі;

      Киров көшесін Әлия Молдағұлова көшесі;

      Калинин көшесін Григорий Потанин көшесі;

      Фурманов көшесін Құрманғазы көшесі;

      Куйбышев көшесін Шәмші Қалдаяқов көшесі;

      Базарная площадь көшесін Евгений Брусиловский көшесі;

      Комсомольская көшесін Мұхтар Әуезов көшесі;

      Коммунальная көшесін Шоқан Уәлиханов көшесі;

      Карл Маркс көшесін Жамбыл көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мамлют ауданның әкімі В. Лукин
      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының хатшысы Р. Нурмуканова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады