"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Қазақстан РеспубликасыЗаңының 6-бабының 2 тармағының 2-10-тармақшасына сәйкес, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихатыШЕШТІ:
1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері-болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді Тимирязев аудандық мәслихатының аппаратының интернет-ресурсанда және жергілікті баспа басылымдарында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тимирязев ауданы мәслихатының бюджет, салық және қаржы, экология, кәсіпкерлік қызмет, экономика салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Асанова |