Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында жүзеге асырылатын жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 255 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қарашада № 30777 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабы 4 және 5–тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында жүзеге асырылатын жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 1 (бір) километрге 6 (алты) теңге көлемінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Уәлиханов ауданының әкімі К. Пшенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Уәлиханов аудандық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады