Шал ақын ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 19/1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 25 наурызда № 27206 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10) тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының хатшысы
О. Амрин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады