"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 7 сәуірдегі қорытындысына және Атырау қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атырау қаласының құрамдас бөліктеріне келесідей атаулар берілсін:
1) Самал шағын ауданындағы №7 көшені Салық Зиманов көшесі;
2) Самал шағын ауданындағы №26 көшені Бисен Саппаев көшесі;
3) Самал шағын ауданындағы №25 көшені Борис Матвеев көшесі;
4) Самал шағын ауданындағы №24 көшені Акрам Ахмиров көшесі;
5) Самал шағын ауданындағы №11 көшені Берік Қорқытов көшесі;
6) Самал шағын ауданындағы №4 көшені Ысқақ Өтеғалиев көшесі;
7) Нұрсая шағын ауданындағы №12 көшені Жәрдем Кейкин көшесі;
8) Самал шағын ауданындағы №21 көшені Олжағали Султангалиев көшесі;
9) Сарықамыс шағын ауданындағы №4 көшені Мұхамедғали Сужиков көшесі;
10) Нұрсая шағын ауданындағы №11 көшені Муса Тікенбаев көшесі;
11) Ақ шағала шағын ауданындағы №2 көшені Жален Тулепов көшесі;
12) Лесхоз шағын ауданындағы №10 көшені Ермек Есенғожин көшесі;
13) Атауы жоқ шағын ауданды Құрсай шағын ауданы;
14) Атауы жоқ шағын ауданды Жұмыскер шағын ауданы;
15) Атауы жоқ шағын ауданды Геолог шағын ауданы;
16) Атауы жоқ шағын ауданды Балықшы шағын ауданы;
17) Атауы жоқ шағын ауданды Бірлік шағын ауданы;
18) Атауы жоқ саябақты Жеміс саябағы;
19) Атауы жоқ саябақты Жастар саябағы;
20) Атауы жоқ саябақты Отбасы саябағы;
21) Атауы жоқ саябақты Жеңіс саябағы;
22) Атауы жоқ саябақты Орталық саябағы.
2. Атырау қаласының келесідей құрамдас бөліктері қайта аталсын:
1) Атырау қаласындағы Ахмет Байтұрсынов өткелі Бәйдібек би өткелі;
2) Атырау қаласындағы Бейімбет Майлин өткелі Ермек Серкебаев өткелі;
3) Атауы жоқ шағын аудандағы Каспий көшесі Шерхан Мұртаза көшесі;
4) Лесхозная көшесі Тұманбай Молдағалиев көшесі;
5) Мәншүк Мәметова өткелі Ұзақбай Қараманов өткелі;
6) Жиембет көшесі Оралхан Бөкей көшесі;
7) Шәкәрім Құдайбердиев өткелі Сәкен Жүнісов өткелі;
8) Талғат Бигельдинов өткелі Бердібек Соқпақбаев өткелі;
9) Хабаровская көшесі Шәкен Ниязбеков көшесі;
10) Қазақстан көшесі Әзілхан Нұршайықов көшесі;
11) Фридрих Энгельс өткелі Кемел Ақышев өткелі;
12) Атауы жоқ шағын аудандағы Төле би өткелі Дәнеш Рақышев өткелі;
13) Атауы жоқ шағын аудандағы Сарайшық көшесі Спандияр Көбеев көшесі;
14) Атауы жоқ шағын аудандағы Бейбітшілік көшесі Ілияс Омаров көшесі;
15) Атауы жоқ шағын аудандағы Қазанғап күйші көшесі Ілияс Есенберлин көшесі;
16) Атауы жоқ шағын аудандағы Ақтау көшесі Хадиша Бөкеева көшесі;
17) Сарықамыс шағын аудандағы Бала Ораз өткелі Мұхамеджан Қаратаев өткелі;
18) Атауы жоқ шағын аудандағы Насихат Сүгірұлы көшесі Бәйкен Әшімов көшесі;
19) Атауы жоқ шағын аудандағы Қорқыт ата көшесі Ғабиден Мұстафин көшесі;
20) Атауы жоқ шағын аудандағы Тұмар ханым көшесі Әмина Өмірзақова көшесі;
21) Атауы жоқ шағын аудандағы Шернияз Жарылғасұлы көшесі Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесі;
22) Ахмет Жұбанов көшесі Мұхамеджан Сералин көшесі;
23) Атауы жоқ шағын аудандағы Мағжан Жұмабаев өткелі Сүйінбай жырау өткелі;
24) Атауы жоқ шағын аудандағы Комбинат көшесі Ордабасы көшесі.
3. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысының және Атырау облыстық мәслихатының шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
4. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | С. Шапкенов |
Мәслихат хатшысы | А. Наутиев |