Атырау облысы Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 207 бірлескен қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 186-VIІ шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қазанда № 30120 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 27-баптарына, облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 11 наурыздағы қорытындысына сәйкес, Атырау облысы Құрманғазы ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша, Байда ауылдық округі, Котяевка және Приморье ауылдары халқының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атырау облысы Құрманғазы ауданының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:

      1) Байда ауылдық округі – Бөкейхан ауылдық округі;

      2) Байда ауылдық округінің Котяевка ауылы – Бөкейхан ауылы;

      3) Теңіз ауылдық округінің Приморье ауылы – Теңіз ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігі қаулысының және Атырау облыстық мәслихаты шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасарына және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі С. Шапкенов
      Мәслихат хатшысы А. Наутиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады