Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 136 "Атырау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 226 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 қарашада № 30395 болып тіркелді

      Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 136 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4700 тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын тағайындау сипаттамасы, тәртібі, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерінде:

      келесі мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес Комиссиямен шешім қабылдағанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей кандидатқа алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беріледі.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі С. Шапкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады