Атырау қаласы Атырау ауылдық округінің көшелеріне атаулар беру және қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Атырау ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 707 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 қазанда № 29987 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 11 наурыздағы қорытындысы негізінде және Атырау ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:

      1. Атырау қаласы Атырау ауылдық округінің келесі көшелеріне атаулар берілсін:

      1) Құрманғазы ауылында:

      № 3 көшесіне – Ақберген Өтеев көшесі;

      2) Қызыл балық ауылында:

      № 3 көшесіне – Дүйсен Жаңбырбаев көшесі;

      № 6 көшесіне – Сапи Өтешов көшесі;

      № 14 көшесіне – Қайыржан Бөлтеков көшесі;

      № 15 көшесіне – Дәуіт Ермеков көшесі;

      № 16 көшесіне – Мұқымғали Әбуов көшесі;

      № 17 көшесіне – Атолла Алтынғалиев көшесі;

      № 11 көшесіне – Бақыт Садықұлы көшесі;

      3) Жаңаталап ауылында:

      № 6 көшесіне – Зәден Қанатбаев көшесі;

      № 8 көшесіне – Тәжіғали Құлбаев көшесі;

      № 17 көшесіне – Сембай Есенғалиев көшесі;

      № 9 көшесіне – Сибат Ташпанов көшесі.

      2. Атырау қаласы Атырау ауылдық округі Қызыл балық ауылындағы Набережная көшесі Бәдел Қошкелдиев көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау ауылдық округінің әкімі Н. Халмурзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады