Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 87 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 наурызда № 26997 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 сәуірдегі қорытындысы негізінде және Еркінқала ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округінің Еркінқала ауылының көшелеріне:

      1) № 34 көшесіне - Тажден Қасанов есімі;

      2) № 43 көшесіне - Зіну Сартымбетов есімі;

      3) № 4 көшесіне - Ғалымжан Елеманов есімі;

      4) № 40 көшесіне - Қарапа Наурызалиевтың есімі берілсін.

      2. Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округінің Балауса тұрғын үй алабының көшелеріне:

      1) № 26 көшесіне - Құттығұл Мұсағалиев есімі;

      2) № 2 көшесіне - Тәжібай Будановтың есімі берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Еркінқала ауылдық
округінің әкімі
М. Кумаргалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады