"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 мамырдағы қорытындысы негізінде және Еркінқала ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінің Еркінқала ауылының көшелеріне:
1) №1 көшеге Барлыбек Сыртанұлы көшесі;
2) №2 көшеге Мұхамеджан Шонбасов көшесі;
3) №3 көшеге Есенбай Әзбергенов көшесі;
4) №45 көшеге Тұран көшесі деп атау берілсін.
2. Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінің Балауса шағын ауданының көшелеріне:
1) №34 көшеге Алаш Орда көшесі;
2) №44 көшеге Рысқали Хасанов көшесі деп атау берілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еркінқала ауылдық округінің әкімі |
М. Кумаргалиев |